Сырдарияда су тасу қаупі жоқ. Сондықтан, Қызылорда облысының құтқару жасақтары мен арнайы құрылымдары еліміздің солтүстік облыстарына көмекке барады. Су тасқынына төтеп берер техника, барлық қажетті құрал-жабдықтар сақадай-сай. Оқу-жаттығуда сарбаздардың дайындығы тағы бір рет пысықталды. Дабыл түскен сәтте оқиға орнына жетіп, тиісті тапсырмаларды орындауға әзір.
Саид Молдағараев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
24 қызметкер, 7 техника, 3 жүзу қайықтары жауынгерлік дайындыққа келтірілді. Одан бөлек, құтқару құрал саймандары, 14 тәулікке жететін тамақ, су сору мотопомпаларының 100 сағатқа дейін тоқтаусыз жұмыс істеуіне жанар-жағармайлармен қамтамасыз етілген.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысының құтқару жасақтары солтүстік өңірлерге көмекке барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64301/)