Баспана мен жер учаскесін ала алмай жүрген тұрғындарға тегін кеңес алып, құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді. Биылдыққа алғаш рет өткізіліп отырған шараға әсіресе, көпбалалы отбасы мүшелері көп келіп жатыр.
Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алу жолдарын сұрап келгендері де бар. Сондай-ақ, жерге, баспанаға және балабақша кезегіне байланысты сұрақтары көп. Мамандар әр адамның арыз-шағымына құлақ түріп, шешілу жолдарын түсіндірді. Тек алғашқы сағаттың өзінде 10-ға жуық тұрғынға көмек көрсетілді. Бір жерден, бір мезгілде қызмет алуға қолайлы мұндай шараны жылына төрт рет өткізу жоспарланып отыр.
Ислам Алпысбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы:
Осындай шараларды біз тек Ақтөбе қаласында емес, облыстың барлық аудандарында тоқсан сайын өткіземіз.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64312/)