Бүгін 20 наурыз 2019 жыл Қазақстан тарихындағы ерекше күн. Жаңа ғана Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін ресми түрде тапсырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде Қазақстан халқы алдында ант берді.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Президентінің куәлігін табыстады. Бірлескен отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Қазақстанда тіркелген шетелдік миссиялардың басшылары және қос палата депутаттары қатысты. Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы абыройы мен мемлекет үшін атқарған істерін ерекше атап өтіп, «Елбасы жаһандық деңгейдегі саяси қайраткер ретінде ұлылығын көрсетті» - деді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының бұған дейін жариялаған әлеуметтік бастамалары сәтті жүзеге асып жатқанына тоқталды.
Президент өкілеттігіне кірісе сала, Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше маңызды мәлімдеме жасап, алғашқы ұсыныстары мен тапсырмаларын берді. Солардың бірі – Елорданың атауын «Нұрсұлтан» деп өзгерту. Бұл бастаманы залда отырғандар ду қол шапалақпен қабылдады.
Альбина Әшім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде Қазақстан халқы алдында ант берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64333/)