Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды қадамдар жасағаны мәлім. Нақтырақ айтсақ, жоғары билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу үдерісін өткізді. Осылайша, Үкімет Парламенттің құзыреттерін арттырып, міндеттері мен жауапкершіліктерін жүктей түсті. Яғни, мемлекеттік бағдарламалар, экономикалық реформалар мен заңдарды Парламент өзі қабылдайды. Ал оның тиімділігі мен дұрыстығына Үкіметпен бір деңгейде жауап береді. Елбасы мұндай қадамдарды әлемдегі озық мемлекеттердің тәжірибесіне сүйеніп жасағанын түсіндірді.
Айта кетейік, Елбасының негізгі құзыретіне ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, ішкі-сыртқы саясат, мемлекеттік басқару секілді мемлекет үшін маңызды міндеттер кіреді.
Ербол Мәндібек