Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту ұсынысын қоғам белсенділері қолдады. Әлеуметтік желілерде де ұсыныстың орынды болғандығын айтып жатқан тұрғындар көп. Бұл Елбасының елі үшін еткен еңбегінің қайтарымы. Көпшіліктің пікірі осыған саяды.
Данияр Зиябекұлы:
Американың әр штаты, әр қаласы, әр қалашығында Вашингтон деген көше бар. Ел астанасы Вашингтон DC-дан бөлек, тағы бір штаттың аты Вашингтон. Вашингтон деген университет, мектеп, әуежай, орталықтар да жетерлік. Монумент болса да.
Біздің Елбасы Н.Назарбаев Тұңғыш Президент ретінде тариxи миссиясын орындады. Қала-қалашықтар мен аймақ-облыстарды белгілі бір тұлғаның есімімен атау әлемнің көптеген елдерінде бар дәстүр. Осымен Нұр-Сұлтан қаласы әлемде адам атымен аталған оныншы астана ретінде саналып отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту ұсынысын қоғам белсенділері қолдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64358/)