Маңғыстаулық жастар Тұңғыш Президентке  құрмет білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық жастар Тұңғыш Президентке  құрмет білдірді

20.03.2019

Қазақстан жастарының басты мақсаты - Тәуелсіздікті сақтап, ел дамуына одан әрі үлес қосу. Осы ұғымды саналарына сіңіріп өскен маңғыстаулық жастар  орталық алаңға жиналып  Тұңғыш Президентке  құрмет білдірді. Жас, әрі тәуелсіз мемлекеттің ең асқақ жобаларын іске асырып, елге адал қызмет еткен, айқын патриотизм мен адалдығын танытқан Нұрсұлтан Назарбаевқа рахмет  айтты. Әрдайым жастарға қолдау көрсеткен елбасының ұшан теңіз еңбегін жоғары бағалайды.   

Бағдат Қуандық,  МО «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Осы 30 жыл бойы Тәуелсіз елді басқару деген оңай шаруа емес. Қаншама дағдарыстан өттік. Бірақ, біз қарқынды дамып келе жатқан ел болдық. Ешкімнен кем болмадық. Дүниежүзін мойындатқан тәуелсіз ел болып Қазақстан танылды. Біз жастармыз. Тәуелсіздігіміз үшін, барлық жақсылық үшін, Елбасымызға шын алғысымызды айтамыз. 

Ғазиза Бахтиярқызы, «Ақ жол» жастар қанатының жетекшісі:

Елбасы әр кез  жастар үшін өзінің қолдауын, жолдау сайын айтып отырады. Жастарға деген сенімі мол. Оның дәлелі осы 2019 жылдың өзін Жастар жылы деп жариялады

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу