Астана – елбасының төл туындысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана – елбасының төл туындысы

20.03.2019

Астана Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы. Баласындай мәпелеп, жаңа қаланың жетілуіне, өркендеп өсуіне қосқан еңбегі  орасан.  Сондықтан, алаш жұртының бас шаһарын Нұрсұлтан деп атау заңды құбылыс дейді қоғам белсенділері. Бұл шешім үлкен еңбектің еленгені , халықтың патша көңіл ықыласының кеңдігі деп біледі. 

Әміре Әрін, «Жетісу» газетінің бас редакторы:

Астана қаласының Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына берілуін біз толық құптаймыз. Біз тұрмақ, қазір бүкіл шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында қолдау тауып атыр.

Біріншіден, Нұрсұлтан Әбішұлы сол қаланы өмірге әкелді. Сол қаланың бас архитекторы болып табылады. Сол қаланың ғана емес, азат елдің, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Тұңғыш Президентімізге осындай құрмет көрсету ол біздің елдігімізді білдіреді.

Сағындық Салмырзин, «Асыл мұра» қоғамының мүшесі:

Шеттен келген туристер, достарымыз, қонақтарымыз келгенде өзіміздің қалаларымызда мынау біздің мемлекетімізді құрған Елбасымыздың аты тұруы керек. Сондықтан, оны құптап, солтүстік қақпасы дейміз Қызылжарда Президентіміздің атымен бір көшені атауға болады.

Серік Жақсығұлов, жыршы:

Өзінің қолымен салған, кешегі бабаларымыздан қалған әпсана самұрықтың алтын ұясын, «Бәйтерегін» орналастырып, сол жерге қазақтай ел болатын Қазақ елі монументін қою, мұның барлығының астарында қазақтың дамуы, қазақтың келешекке деген даңғыл жолын ашып берді. Сол үшін де Астананы өзі Елбасының атымен Нұрсұлтан деп атауға, сол сияқты үлкен наградаларға ұсынуға, ол кісінің облыстардың, аудандарда, қалаларда көше атын беруге әбден лайық деп есептейміз.

Марат Ахметов, шаруа:

Қасым-Жомарт Кемелұлының Елбасына «Халық қаһарманы» атағын беру, Астана қаласының атын Нұр-сұлтан деп өзгертуі туралы ұсынысы ойдан шығады. Себебі еліміздің бүкіл жетістігі сол кісінің арқасы деп білемін. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу