Ақмола облысының орталығында Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдауға арналған мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары, Елорданың қалыптасуы мен өркендеуі жолындағы Ұлт көшбасшысының ерең еңбегіне ризашылығын білдірді. Халық қаланың енді Нұр-Сұлтан деп аталуын қуанышпен қабыл алуда. Бас қала мен Ақмола облысын тығыз экономикалық қарым-қатынас байланыстырады. Елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету Ақмола аймағына жүктелген.
Елордамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуына талдықорғандықтар да ерекше қолдау білдірді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Жастар саябағының орталық алаңына 23 мыңнан астам адам жиналды. Нұр-Сұлтан қаласы - еліміздің айнасы. «Әлем Қазақстанның бас шаһарын ұлт көшбасшысының арқасында таныды»,- дейді көпшілік.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуын көкшетаулықтар да қолдайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64417/)