Ұсыныстарды «Nur Otan» партиясы әзірлеп жатыр. Олар бүгін «Ойынқұмарлықтың жолы: өмірге татитын бәсеке» атты пікірталас кезінде таныстырылды. Әсіресе, жарнама беру ережелері өзгертілмек.
Басты мақсат - ақшаны бәске тігу табыс көзі емес, демалу немесе уақыт өткізудің тәсілі екенін халыққа жеткізу міндеті тұр. Букмекерлік мекемелер тұрғын үйлердің ғимаратында орналаспауы тиіс. Сондай-ақ, білім беру орындары мен ломбардтардан да қашық болуы керек. «Осындай өзекті мәселелерді ретке келтіру арқылы тұрғындардың құмар ойындарға деген тәуелділігін азайтуға болады»,- дейді мамандар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құмар ойындарға қатысты заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64506/)