Нұр-Сұлтанда қымбат көліктердің айнасы мен шамдарын ұрлаған ұры ұсталды. Полиция қызметкерлері оны түнде қылмыс кезінде қолға түсірген. 35 жастағы тұрғынның үйін тінту барысында қымбат көліктің 5 шамы, 18 айна тәркіленді. Сондай-ақ, пәтерінен 9 бейнебақылау камерасы табылған. Ол ізін жасыру үшін камераларды жұлып алып кетіп отырған. Тергеу тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда қымбат көліктердің айнасы мен шамдарын ұрлаған ұры ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64555/)