Иран үкіметі елдің оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясының 70 ауылының тұрғындарына көшуге бұйрық берді. Өйткені, олардың маңындағы Дез және Каркех өзендері тасуға жақын.
Су апатынан Ислам Республикасының 31 провинциясының 26-ы зардап шегіп отыр. Олардың бірнешеуінде төтенше жағдай жарияланып, ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, соңғы екі аптада тасқыннан қаза тапқандардың саны 50-ге жуықтап отыр.
Үкімет тұрғындарды өзендер мен су бөгеттерінен алыс жүруге шақырды. Қазір ел астанасы Тегеранға да тасқын қаупі төніп тұр.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су апатынан Иранның 31 провинциясының 26-ы зардап шегіп отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64569/)