Биыл бірнеше бағыт бойынша кешенді шаралар жүзеге аспақ. Айталық, «Ақмола жастары» бағдарламасы бойынша Көкшетауда 424 отбасына 6 көпқабатты үй бой көтереді. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша бизнеске бастау болатын тың жобаларға субсидия бөлу қарастырылған.
Осы жылдың тағы бір жаңалығы - «Zhas Projekt» бағдарламасы. Онда әлеуметтік жобалармен айналысқандарға 1 миллион теңгеге дейін грант беріледі. Оқыту да қамтылған. Сондай-ақ, «Zeren-2019» екінші республикалық жазғы білім беру лагерін өткізу жоспарлануда.
Дамир Іргебаев, Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім жетекшісі:
- Жастар жылы шеңберінде жол картасы әзірленіп, қаражат бөлінген. «Жас кәсіпкер», «Жас маман», «Жас сарбаз» бағдарламалары іске асатын болады.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында Жастар жылын өткізудің жол картасы таныстырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64582/)