Бүгін 4 отбасына бір бөлмелі пәтерлердің кілті табыс етілді. Шағын қалада 20-ға тарта отбасы баспанаға аса мұқтаж. Айналасы бір ай ішінде олардың 50 пайызы пәтермен қамтылмақ. Ол үшін жергілікті билік қараусыз қалған баспаналарды сот арқылы мемлекет меншігіне өткізіп, бастан-аяқ жөндеді. Сондай-ақ, көп ұзамай қалада 9 қабатты екі үйдің құрылысы басталады.
Нұрым Тоғайбекова, пәтер алған Назым Бажкееваның анасы:
- Менің қызым осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрды. 2 бөлмені жалдап тұрды. Бір бөлмелі болса да, өздеріне беріп отыр. Рақмет!
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екібастұзда көпбалалы аналарға баспана берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64596/)