Елді-мекендерге шабуыл жасалса, елдегі қарулы күштердің тойтарыс беруге қарымы мықты. Қызметкерлердің ұрысты жүргізу тактикасы тексеріліп, пысықталды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында жалпы әскери және десанттық шабуылдау бригадаларының командирлерімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өтті. Шынайы көріністе әскерилердің ептіліктері мен дайындықтары таразыланды. Әскери техникалардың практикалық іс-қимылдары тексерілді. Қақтығыстар ауылда емес, қалалық жерлерде сипат алуы ықтимал. Себебі, қоғамда урбанизацияланудың көрсеткіші жоғары. Осы себептен жауынгерлік іс-қимылдарға дайындық қалалық жерлердің нұсқаулары бойынша өткізіліп жатыр.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64614/)