Мұндай отбасында кәмелет жасқа толмаған 1338 жеткіншек өсіп жатыр. Былтыр 60 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылып, 32 бала уақытша қамқорлыққа алынған. Ал биыл үш айдың өзінде ата-ана құқығынан айырылғандар саны 35-ке жеткен. Осы отбасындағы 11 бала қазір әке-шешесінен бөлек тәрбиеленуде. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің отырысында айтылды.
Жалпы, өңірде ата-ана қамқорынсыз және жетім қалған 3 мыңнан астам бала бар. Басым дені тастанды екені қынжылтады. Облыс бойынша жасөспірімдердің суицидке баруы 33 пайызға азайған. Егер 2017 жылы Қарағанды облысы суицид бойынша 5-ші сатыда тұрса, қазір 9-ға түскен.
Ырысты Жұмабекова, Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңестің сарапшы-кеңесшісі:
- Өкінішке қарай, кейбір отбасында балалардың құқығы бұзылып жатқанын көрдік. Балалар үйіне де бардық.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында балаларына жауапсыз қараған 990 ата-ана полиция тіркеуінде тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64735/)