Қазақ халқының бай мұрасы, салт-дәстүрі, фольклоры, музыкасы туралы ғалымдар кеңінен әңгімеледі. Зерттеулерге сүйене отырып, ұлттық құндылықтар сараланды, сананы жаңғырту туралы келелі пікірлер айтылды.
«Сыр елінің рухани мұрасы», «Сыр бойындағы пантеондар: рухани құндылықтар», «Рухани тарихымызға назар салсақ» атты баяндамалар жастарға үлкен ой салды. Ал ғалымдар «бүгінгі ұрпақ өткен тарихты бағалап, терең түйсінсе»,- дейді.
Бақытжан Ахметбек, Қорқыт ата атындағы ҚМУ магистранты:
- Біртіндеп қазба жұмыстары жүріп жатыр. Қазақ жерінде 500-дей көне қаланың орны бар. Соның 10 шақтысында қазба жұмыстары жүріп жатыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада «Ұлы дала тарихы» тақырыбында танымдық конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64737/)