Бүгін елордада қар жауып, күн суытып, ауа температурасы бес градусқа дейін төмендеді. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда күн келесі аптадан бастап жылиды. Синоптиктердің мәліметінше, бүгін желдің екпіні кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетпек. Сондай-ақ, құбылмалы ауа райы еліміздің басым бөлігінде сақталады, жауын-шашын болады. Тек батыс, солтүстікте күн райы ашық.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада ауа райы күрт бұзылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64762/)