Алдағы бір ай ішінде «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері әр үйге барып, соғыс және тыл ардагерлеріне барынша қолғабыс жасамақ. Өкінішке қарай, бізге жеңіс күнін сыйлаған батыр ата-әжелеріміздің қатары күн санап сиреп келеді. Қазір өңірде 80 соғыс ардагері, 10 мың тыл ардагері бар. Барлық аудан, қалаларда жасақталған арнайы бригада олардың шаруашылығына көмектесіп, керек-жарағын алып беретін болады.
Бірінші болып жастар Қарағандыда тұратын еңбек ардагері Ольга Унгефуктің шаңырағына барып, қыстан қалған қарды тазалады.
Нұржан Жетпісбаев, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:
- «Жасотандықтар» ардагерлерге емдеу мекемелеріне баруға көмектеседі. Мұқтаж жандарға тағы да басқа өзінің керек-жарағын алып беруге көмек көрсетуде.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысының жастары қарияларға қамқорлық шарасын бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64781/)