Сыр диқандары жерге дән септі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр диқандары жерге дән септі

02.05.2019

Биыл облыста 178 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Оның 83 мың гектары - күріш. Былтыр ел қамбасына жарты миллион тонна дән құйған Сыр диқандары биыл да мол өнім алуды көздейді. Оған мүмкіндік бар. Тыңайтқыш, жанар-жағар май тапшылығы жоқ, техника сақадай сай. Тұқым да жергілікті жерде дайындалады.

Әліби Бекжанов, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының төрағасы:

- Күріштің жаңа сұрыпы - «Сыр сұлуын» 20 гектар жерге егеміз. Тұқымымызды алдық, оны дәрілеп, дайындап қойдық. «Әйгерім», «Сыр сұлуы», «Лидер» - осы үш сортты егеміз.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу