![Қазақ-Әзірбайжан ынтымағы кеңейеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75065.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан мен Әзірбайжан арасында ынтымақтастық нығая түсуде. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында әзірбайжандық өндіріс және логистика орталығының іргетасы қаланды.
Бұл орталықтың құрылысы осы жылдың желтоқсанында аяқталады,- деген жоспар бар. Онда Маңғыстау өңіріне саудаға шығарылатын көкөніс пен жеміс-жидек сақтау қоймалары болады.
5 гектарға жуық аумаққа салынатын құрылыстың 10 мың шаршы метрі тоңазытқыштармен жабдықталған қоймаларға бөлінеді. Бұл жоба екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтіп, халықаралық көлік тасымалын дамытуға ықпал етеді. Шара соңы тараптардың кәсіпкерлері бас қосқан бизнес-форумға ұласты.
Шахин Мустафаев, Әзірбайжан Республикасының экономика және өнеркәсіп министрі:
Әзірбайжан қазақ экономикасына қызыға қарайды. Экономикалық қарым-қатынасты күшейту көрші елдерге қиынға соқпайды. Екі елдің әлеуетін жақсартатын жобаларды жүзеге асырмақпыз. Транзит дәлізі ұлғайып, сапалы өнімге қол жеткізетін боласыздар.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ-Әзірбайжан ынтымағы кеңейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6490/)