Ақмола облысында туристік полиция құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында туристік полиция құрылды

02.05.2019

Жаңа құрылым аудандық көші-қон бөлімшелерінің жанынан ашылды. Туристік полиция өз қызметін Бурабай және Зеренді аудандарында жүзеге асырмақ. Бурабайға жылына 1 миллионнан астам демалушы келеді. Зерендіге келетін туристердің де саны ұлғайып келеді. Сондықтан жаңа құрылымның ашылуы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, саланың дамуына мүмкіндік береді.

Топ құрамына 5 құқық қорғаушы енген. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мамандар. Қызметкердің шетел тілін білу деңгейін жоғарылату мақсатында алдағы уақытта оқыту курстары ұйымдастырылмақ. Туристік полицияның құрылуына арналған сап түзеуде топ өкілдеріне қызметтік көліктердің кілті табысталды.

Дина Әлімбаева, туристік полиция тобының инспекторы:

- Мен Зеренді ауданының туристік базасынан туристік полиция тобының қатарына енгізіліп отырмын. Бұл мен үшін өте қуанышты жағдай.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу