Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйге көпбалалы отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қоныстанды. Бүгін 13-ші мөлтек ауданындағы жаңа үйдің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, пәтер кілттері табысталды. Жыл соңына дейін тағы 80 пәтерлі тұрғын үй аз қамтылған отбасыларына үлестіріледі деген үміт бар.
Жамбыл облысында Тәуелсіздік жылдары 1 млн 200 мың шаршы метрден астам тұрғын үй берілген. Оның басым бөлігі аз қамтылған отбасылар мен көмекке мұқтаж жандардың қолына тиген.
Бекболат Серікбаев, балалар үйінің тәрбиеленушісі:
- Біздің де мінекей көптен күткен кезегіміз келіп, пәтер алдық. Өте қуаныштымын, көп-көп рақмет.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда 60 отбасы қоныс тойын тойлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64916/)