«Жас қанат» деп аталатын бұл ұйым - іскер азаматтардың өз бастамасымен құрылған. Бизнесте жүрген азаматтар осылайша бірлесе әрекет етіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруды көздейді.
Сондай-ақ, кәсібін енді ғана бастап келе жатқандарға жол сілтеп, тәжірибелерімен бөлісетін алаң болады. Әзірге кеңес құрамына 40-тан аса іскер азамат кірген.
Бүгінгі ашылу салтанатына 400-ге жуық жас кәсіпкер келіп, жобаға қызығушылық танытты. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кеңеске қатысушыларға бірқатар мүмкіндіктер жасалмақ.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада жас кәсіпкерлер кеңесі құрылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64917/)