Sukhoi Superjet 100 ұшағы Қазақстан көгінде ұшпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Sukhoi Superjet 100 ұшағы Қазақстан көгінде ұшпайды

06.05.2019

41 адамның қазасына себеп болған ресейлік Sukhoi Superjet 100 ұшақтары біздің елде ұша ма? Бұл сауалға еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жауап берді.

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Ресейде жасалған Superjet ұшағы біздің ел ішіндегі бағыттарда қолданыста жоқ. Әрине, көрші елде болған оқиға бәрімізді бейжай қалдырған жоқ. Министрлік атынан ресейлік әріптестерімізге көңіл айту хатын жолдадық. Аспан қателікті кешірмейді. Сондықтан ережені мұқият ұстану қажет.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу