Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ертіс өзенінің жағалауындағы амфитеатрдың алаңында 9 санын жазып, ардагерлерге құттықтау жолдады.
Шараға барлығы 70-ке жуық адам қатысты. Қалалық Полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы бұл күні ардагерді этносаябаққа экскурсияға апарды. Сондай-ақ әскери техникаларды көріп, оркестірдің шағын концертін тамашалады. Дәстүр бойынша қариялар дала асханасында әзірленген ботқадан дәм татты.
Ағыбай Кешілбаев, полиция ардагері:
- Ардагерлерді, бәрімізді құрметтеп жатыр. Жеңіс күнімен барлық ардагерлерді құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын!
Берік КӨШЕРБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскемендік полицейлер мерекеге арнап флешмоб өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64962/)