Солтүстік Қазақстан облысы жыл сайын 1 мың тоннадан астам сиыр етін экспортқа шығарса, 3 мың тоннасын еліміздің өзге өңірлеріне жөнелтеді. Аймақта асыл тұқымды мал фермалары құрылып, бордақылау орындарының жұмысы жанданды. Солардың бірі - Тайынша астық шаруашылығы.
Бұл жерде ірі қараның ангус, қазақтың ақ бас сиыры секілді тұқымдары өсіріледі. Қазіргі күні шаруашылықтың толық қуатын жылына 3 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.
Балислав Каленский, ферма меңгерушісі:
- Бордақылау алаңы 3000 сиырға арналған. Қазір 400 бұқашық жүр, семірткесін ет комбинатына тапсырамыз. Әзірге бізден Көкшетау мен Қостанай қаласындағы фабрикалар алып жатыр етті.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да ет экспорты артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64967/)