Арнайы экономикалық аймақтарда заңсыз сауда-саттық азаймай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы экономикалық аймақтарда заңсыз сауда-саттық азаймай отыр

15.05.2019

Арнайы экономикалық аймақтарда заңсыз сауда-саттық азаймай отыр. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық мәселесі де өзекті. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында әлем елдерінің кеденшілері жиналып, осы және өзге де түйткілді проблемаларды шешу жолдарын талқылады. Еркін экономикалық аймақтар бойынша дүниежүзілік кеден ұйымының аймақтық форумынан тілшіміз әңгілемейді.

 

Әлемнің 30-дан астам елінен жиналған кеденшілер саланың қордаланып қалған ортақ проблемаларын талқылады. Шешімі табылмаған күрделі мәселелер көп дейді мамандар. Өйткені, кеден органдарының арнайы экономикалық аймақтардың жұмысына араласуына құзыреті жоқ. Салдарынан, жекелеген нысандарда құқықбұзушылықтар жиі кездеседі. Қаражат оңды-солды заңсыз жұмсалып жатыр, коммерциялық алаяқтық мәселесі тағы бар.

 

Анна Хинохоса, Дүниежүзілік сауда ұйымының сақтау және оңтайландыру департаментінің директоры:

Кеден органдарында бірқатар мәселені шешу қазір өте қиын. Айталық, темекі, алкоголь өнімдерінде заңсыз сауда өршіп тұр. Ал оған араласып, жұмыстарды реттеуге бізге мүмкіндік берілмей отыр.

 

Кеденшілерге осындай кемшіліктерді жоюға құзыреттің жоқтығы қолбайлау. Сол себептен форумға жиналғандар заңға өзгерістер енгізу қажет деп санайды. Ал Қазақстанда цифрлық жүйе енгізілгеннен бері адами факторлар еселеп қысқарған. Ал төлемдердің көлемі 12 есеге дейін көбейіпті.     

 

Өмірзақ Бейспеков, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

Дүниежүзінде қандай техникалар бар сол жерге қойылған. Ол жерде болып жатқан жұмыстардың барлығын осы Астанада отырып көруге болады.

 

Үш күнге жалғасатын форумның қорытындысы халықаралық кеден ұйымына жіберіліп, сол жерде бірқатар шешімдер қабылданбақ.  

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу