Қазақстан полициясы «Жолда қабылдау» акциясын бастады. Тұрғындар құқық қорғау саласына қатысты кез келген сұрағы бойынша арнайы ұйымдастырылған мобильді топқа жүгіне алады. Жол ережесі, көші-қон, құқық қорғау және басқа сұрақтарға сол саланың маманы жауап береді.
Тұрғындар көбінесе жол ережесі және азаматтарды тіркеу бойынша сұрақтар қойып жатыр. Елордада «Жолда қабылдау» мобильді тобы 6 жерге орналастырылған. Олар ертең де жұмыс істейді.
Нұржан Әділов, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлімше бастығы:
- Қойылған сұрақтардың бәрі тіркеледі. Олардың барлығын кешке жақын қорытындылап, талқылап, жауабын береміз.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65044/)