Үкімет басшысы Асқар Мамин маңызды нысанның капсуласын салды. Әуежай Түркістаннан 16 шақырым жерде орналасқан.
Жалпы, 900 гектар аумаққа терминалдар мен ұшып-қону жолағы, басқа да қосалқы нысандар бой көтереді. Нысан құрылысымен түрік компаниясы айналысады. Оның басшысы Арслан Хусейн Премьер-Министрге жаңа әуежай халықаралық және ішкі рейстерді қоса есептегенде, сағатына 250 адамды қабылдауға қауқарлы болатынын айтты.
Бұрын-соңды Түркістанда мұндай әуежай болмаған. Нысан құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталады.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда халықаралық әуежай құрылысы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65055/)