Еліміздегі ең бақытты адамдар Нұр-Сұлтан қаласында өмір сүреді. Стратегиялық бастамалар орталығы жүргізген зерттеу қорытындысы осылай дейді. Тізімді Елорда бастап тұрса, одан кейінгі орындарда шымкенттіктер мен ақмолалықтар орналасқан. Ал, қарағандылықтар рейтинг соңында тұр.
Сауалнамаға қатысқан 3 мың респондент мынадай сауалдарға жауап берген: жақындарыңыз көмектесе ме, таңдау құқығы бар ма, өзгеге көмек, денсаулық және әлеуметтік игіліктерге халықтың қолжетімділігі.
Зерттеудің мақсаты – азаматтардың өз өмірлеріне қаншалықты көңілі толатынын анықтау.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бақытты адамдар қайда өмір сүреді?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65068/)