Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды. Полиция департаментінде қазір штаттық қысқарту жүргізіліп жатыр. Қызметкерлердің саны 10 пайызға дейін азайтылмақ. Жалпы саны - 275 адам, оның 17-і басшылық қызметтегілер жұмыс орнын босатты.
Сонымен қатар, іссапарлардың бюджеті де қайта қарастырылып, 47 пайызға азайтылды. Ал үнемделген ақшаға өзге қызметкерлердің жалақысы өсіріледі. «Бұл жұмыс сапасының артуына да септігін тигізеді», - деп отыр мамандар.
Бахтияр Бөлеулиев, қоғамдық кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының докторы:
- Қызметкерлерді басқарған кезде мынадай пропорция болуы керек. 54 қызметкерге 1 басшы болуы тиіс. Бұл - халықаралық стандарт. Қызметкерлер қысқартылған кезде олар далада қалмайды бұлар. Әрине, барлығына жұмыс тауып беріп, бәрі басқа жұмыстарға орналастырылып жатыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 шілдеден бастап Түркістан облысындағы полиция қызметкерлерінің айлығы өседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65166/)