Еуропалық Кеңес төрағасының сапары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес төрағасы Дональд Туск «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешеніне барып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәртебелі мейман «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, саяси құрбандардың өмірі жайлы мәліметтер жинақталған музейді аралап көрді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Туск «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65194/)