4 маусым — мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы тап осы күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бүгін осы айтулы күнге орай жер жерлерде рәміздер ұлықталуда. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қызметкерлері бүгін ұжым болып ұлттық гимнді орындап, Елтаңба авторымен кездесті. Шараға 200-ге жуық қызметкер қатысты.
Жандарбек Мәлібеков, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы:
Мемлекет өскен сайын, оның рәміздері де Елтаңбасы да өзінің эволюциялық даму кезеңдері болады екен. Сондықтан мына латын шрифтісіне өткенде, Елтаңбамызға қатысты бірқатар өзгерістер қабылданды. Сол қазір шығып жатыр.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада мемлекеттік рәміздер күні тойланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65222/)