Сайлауға байланысты құзырлы орган қызметкерлері 7-12 маусым аралығында қауіпсіздік шараларына ерекше мән бермек. Бұл оқыс жағдайлардың алдын алу үшін қолға алынып отыр.
Ішкі істер министрі 9 маусымда көпшілік орындарда полиция патрулі болатынын, сол күні қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полиция қызметкері жұмылдырылатынын айтты.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
- Бұл біреуден қорғану үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. 8 маусым - тыныштық күні, үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады, 9 маусым - сайлау, барлық жерлерде полиция патрульдері жұмыс істейді. Ал қазір қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл республика аумағында «Құқықтық тәртіп» операциясы өтіп жатыр. Ол 6 маусымға дейін жалғасады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіпке көшеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65248/)