Оны әлеуметтік желілерде таратты. Тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте Генаның жеңетініне сенімдіміз-дейді музыкалық ұжым.
Айта кету керек, әлемге GGG есімімен танылған жерлесіміз рингтегі келесі кездесуін алдағы жексенбі,яғни, 9-маусым күні канадалық былғары қолғап шебері Стив Роллспен өткізеді. Жекпе-жек Мэгисон Скуэйа Гардэн аренасында болады. Қазірдің өзінде Қазақстандық боксшысы қолдаушылар тек қана елімізде емес, басқа да мемлекет тұрғындары арасында кең қолдауға ие.
Талғат Кәрімов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Музыка дегеніміз үлкен құдырет, музыка күш береді, адамға рух береді. Әрине Гена жеңеді. Біздің қазақ халқы соған сеніп отыр. Сондықтан Головкинге әрқашан жеңіс тілейміз!
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодардың Рүстембек Омаров атындағы ұлттық аспаптар оркестрі Генадий Головкинге қолдау ретінде ерекше шығарманы ойнады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65291/)