![«Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығы жарық көрді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75085.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңадан кәсіп ашқан немесе ашсам, деп жүрген азаматтарға арнап, «Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығын жасап шығарды.
Бұл әдістемелік кітапшада 100-ге жуық бизнестің түрі көрсетілген. Сізге кәсіптің қай түрін ашқан дұрыс? Ол жағынан да көмек береді.
Мәселен, наубайхана ашпақ болдыңыз. Бұл бизнесті қанша ақшамен бастау керек, керек-жарақты қайдан алу қажет, бұл бизнес-жоба өзін қашан ақтайды, тауарды өткізудің жолдары қандай? Кітапшада осы сұрақтардың барлығы түсіндірілген.
Нұржан Әлтаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:
Бұл өте оңай. Ауыл тұрғындарына да үлкен көмек болады деп ойлаймыз. Жастарға бизнесін бастауға серпіліс береді.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығы жарық көрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6530/)