«Zhan-Uia» жобасының авторы Саматулла Нуриланың айтуынша, мейірімге мұқтаж жандардың бір шаңырақ астында тұруының рухани әрі әлеуметтік маңызы зор. Жобаға керекті ғимарат, келесі жылдан қалмай салынсын, -деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірі айналасынан "eko-jai" ашылмақ. Қаланың тарихи аймағынан - этноауыл да бой көтермек.
Жастардың осындай тың жобасын облыс әкімі мақұлдап, тезірек жүзеге асыруды тапсырды. Көпшілікке ұнаған жобалардың бірі — Түркістан тұрғындары мен туристерді аптап ыстықтан қорғайтын - ақылды шатыр.
Жанбота Оразбаева, жоба авторы:
Түркістан жазы ұзақ, әрі ең ыстық, температурасы жазда 40-45 градусқа дейін баратын аумақ. Сондықтан туристерге қолайлы жағдай жасау үшін «I-SHATYR» интеллектуалды жобасын жасадық. Күн шыққанда автоматты түрде ашылады. Күн батқанда жабылады.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда қарттар үйі мен балалар үйі біріктіріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65330/)