Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына төменгі палатаның қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды және заң жобаларының уақтылы қабылдануын сапалы әрі заңдық тұрғыдан сүйемелдеу қажеттігін айтты. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65446/)