44 жастағы Айгүл Қапбарова – Өзбекстанға елші болып кеткен депутаттың орнына келді. Сайлау Шымкент қаласында өтті. Науқан барысында 4 үміткер ұсынылды. Олардың үшеуі өзін-өзі ұсынса, біреуін қалалық мәслихат лайықты деп тапқан. Су жаңа депутат 27 дауыс берушінің 23-нің қолдауын тапқан.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Еліміздің Конституциясының сайлау туралы заңы талаптарына сәйкес, сенат депутаты болып 30 жасқа толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар және тиісті аймақта кемінде 3 жыл тұратын азамат ұсыныла алады. Сайлау заң шеңберінде жүргізілді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкент қаласынан жаңадан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты сайланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65511/)