Цифрлық платформаны қолдана отырып, бірыңғай әлеуметтік картаны кешіктірмей енгізу қажет. Бүгін Президент жауаптыларға осындай пәрмен берді. Мемлекет басшысының төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саладағы теріс әрекеттерді жою үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, Президент Әкімшілігі мен Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысының төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65524/)