Азық-түлік пен қажетті заттардың көп бөлігі жүк көлігіне, қалғаны пойыз вагондарына тиелді. Игілікті іске, өңір жұртшылығы мен арнайы мекемелер атсалысты. Сондай-ақ, сауда орталығындағы 100-ден астам кәсіпкер, өз қоймаларынан азық-түлік беріп, қол ұшын созды. Жуық арада гуманитарлық көмек тағы да жөнелтілмек. Жүкті арысқа дейін жеткізуді, облыс әкімдігі мен полиция департаментінің қызметкерлері қадағалайды.
Нұрлан Тәуекел, Сауда орталығының директоры:
Халқымыздың бірлігін көрсету мақсатында. Мынандай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілейміз. Мына біздің жіберіп жатқан азық-түлігіміз, көмегіміз қиын жағдайда қалған арыстағы халыққа көмек болады деген сенімдеміз.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атыраулықтар Арыстағы ағайынға 25 тонна гуманитарлық көмек жіберді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65557/)