Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің құзырлы органдары мен әскерилері қатысты. Оқу-жаттығу терроризммен күрес, оның алдын ал мақсатында жасалып отыр. Арнайы мамандар қарулы күштерге төтеп беруде соңғы әдіс-тәсілді пайдалануды үйренді. Аталмыш шара мейлінше шынайы ұйымдастырылып, оған жүздеген техника жұмылдырылды.
Герман Диденко, ҚР ҰҚК-нің терроризмге қарсы орталық басшысының орынбасары:
Жалпы, тероорлық қауіптің 12 түрі бар. Бүгінгі операция барысында үшеуі қарастырылы. Біздің жұмысымыз адам көп жиналған жерде терроризмнің алдын алуға бағытталады. Сарыарқа-Антитеррор-2019 жаттығуы сәтті аяқталды.. Оқу жаттығуды жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз. Айта кетейін, Қазақстанда 18 антитеррорлық орталық бар.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында терроризмге қарсы оқу-жаттығу аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65611/)