Ұшақтарда алғашқы жәрдем көрсетуге арналған арнайы аппараттардың болуы міндеттелуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақтарда алғашқы жәрдем көрсетуге арналған арнайы аппараттардың болуы міндеттелуі мүмкін

28.06.2019

Қазақстанда әр апта сайын жүрек ауруынан 500 адам көз жұмады екен. Олардың басым көпшілігі дер кезінде көрсетілмеген медициналық жәрдемнің жоқтығынан орын алады. Ал ұшақ ішінде жүрегі қысқан жандарға алғашқы көмектің көрсетілу қиын. Халықаралық талаптарға сай мынадай құрылғы әрбір ұшақта бар. Оны медициналық білімі жоқ адамдар да қолдана алады. Ал бізде әзірге шұғыл көмек көрсететін мұндай құрылғылардың болуы қарастырылмаған. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында авиациялық медицинаның жай-күйі талқыланған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақстанда қазіргі таңда 180 авиациялық медицина қызметкері бар. Арнайы екі орталық жұмыс істейді. Былтыр 4200-ге жуық ұшқыштар мен авиадиспетчерлер, бортсеріктер тексерілген. Екінің бірі ұшқыш бола алмайтыны анық. Медициналық комиссиядан өту өте қиын. Сол себептен, осындай орталықтар арқылы мамандар тексерістен өткізіледі.

 

Байжан Ералиев Алғашқы көмек көрсету орталығының нұсқаушы қызметкері:

 

Бұл аппарат бірінші разряд береді. Разряд беру арқылы жүректің жұмысын жақсартамыз. Егер мына аппарат болмаса дұрыс баспауым мүмкін.

Хабарламаларға жазылу