Мемлекет басшысы бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады. Президентке Сенаттың қазіргі жұмыстары мен сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы мен есірткі таратуға жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Сондай-ақ Президент жемқорлыққа барған қарамағындағы қызметкерлері үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін құқықтық тұрғыдан бекіту маңызды екенін айтты.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ