Қорғаныс министрлігі мен құқық қорғау қызметкерлерінің интеллектуалды деңгейлері сараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігі мен құқық қорғау қызметкерлерінің интеллектуалды деңгейлері сараланды

04.07.2019

Елордада тұңғыш рет интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Жарыста қатысушылардың қарым-қабылеттері анықталып, қиын жағдайлардан шығу жолдары көрсетілді. Шараның мақсаты - мемлекеттік мекемелер арасында өзара ынтымақтастықты арттыру әрі бірлесіп жұмыс жүргізудің жаңа әдісін қарастыру. Сайыста 5 кезең бойынша 8 сұрақтан қойылады. Логикалық негізде, тарих, география, ғылым салаларына қатысты сауалдарға жауап берді. Жеңімпаздарға кітаптар мен сыйлықтар табысталды.

 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу