Мемлекет басшысы Жоғары Сот кеңесінің төрағасына судьяларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ Ақордадағы қабылдау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа сот жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігін жеткізді. Өз кезегінде Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Президентке биылғы бірінші жартыжылдық жұмыс бойынша да есеп берді.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65799/)