Мемлекет басшысы бүгін Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Президент өз сөзінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шұғыл шешу үшін әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер корпусына халықтың талаптарын жүйелеуді және оларды шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуді, сондай-ақ олардың қажеттілігі өңірдің әлеуметтік жол картасында көрініс табуы керек екенін тапсырды. Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік билік облыстар мен қалалардағы тұрақтылық үшін жауапкершілікті өздеріне алуы тиіс.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Ақордада әкімдермен кеңес өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65875/)