«Президенттің кадрлық резервін» құру жұмысы жалғасуда. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Президенттің қабылдауында болып, атқарылып жатқан жұмыстың жай-жапсарын баяндады. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметтерді түгелдей электрондық форматқа көшіру барысы жайлы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттырып, билік басындағыларға қойылатын талапты күшейтуі тиіс.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65879/)