Еліміздегі Ұлттық университеттердің ректорлары енді Президент жарлығымен емес, конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министріне осыған қатысты нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды. Бүгін Президенттің қабылдауында болған министр Асхат Аймағамбетов білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу барысы жөнінде баяндаған. Мемлекет басшысы бағдарламада қамтылуы тиіс міндеттер туралы өз ойын айтты.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65896/)