«Жастар керуені» жолға шығады. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында елімізде ішкі туризмді дамытуға арналған жоба таныстырылды. Қазақстан — табиғаты ерекше көркем, әсем жерлерге бай ел. Бірақ көрікті орындардың көбін көпшілік біле бермейді. Жаңа жоба аясында бұрын жиі айтылып, көрсетіле бермейтін жаңа бағыттарға жол түспек. 7 бағыт бойынша ел аумағының рухани-мәдени мұрасымен танысу үшін керуен жолға шығады. Әр аймақтағы іс-шара 4 күнге жоспарланған. Жобаға еліміздің әр өңірінен 16 мен 29 жас аралығындағы белсенді, білімді жастар қатысады.
Тоқтар Болысов, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры:
Бұл жерде жастардың өзінің туған жеріне, туған өлкесіне басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін жобалар. Өйткені әрбір қатысушы 7 бағыт анықталған. Осы бағыт бойынша әр түрлі роликтер түсіру арқылы, жастар басқа өңірлердегі жастарға өзінің туған жері туралы қысқаша баяндап, көрсетеді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жастар керуені» жолға шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65901/)